Accessibility links

Алматыдағы Ресей бас консулдығы алдында акция өтті


Ресей федерациясының Алматыдағы консулдығына келе жатқан топ. Алматы, 10 желтоқсан 2011 жыл.
Ресей федерациясының Алматыдағы консулдығына келе жатқан топ. Алматы, 10 желтоқсан 2011 жыл.
Сенбі күні Ресей оппозициясына қолдау танытқан бірнеше адам Алматыдағы Ресей консулдығы алдына жиналды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, акцияға қатысушылар Ресей оппозициясына ынтымақтастық белгісі ретінде консулдық ғимараты алдындағы ағашқа ақ түсті ленталар байлаған.

Сенбі күні Ресейдің бірқатар аймақтарында парламент сайлауының қорытындыларына наразы жұрттың шеруі өтіп жатқан болатын.

Алматыдағы акция кешкі сағат 4-те басталып, 6-да аяқталған. "Полиция акцияға қатысушылардың құжаттарын тәркілеп, олардың тарауын сұрады, біраздан кейін азаматтардың жеке бас куәліктерін қайтарып берді" деп хабарлады оқиға орнында болған тілшіміз.
XS
SM
MD
LG