Ресей ресми орындарының айтуынша, Мәскеуде 15 мыңдай адам парламент сайлауында Владимир Путиннің «Единая Россия» партиясының жеңіске жеткеніне наразылық танытып, шеруге шыққан.
Ал Болотный алаңындағы митингіні ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда келгендердің ұзын саны 40 мыңдай болады.
Кремльге қарсы шеруге шыққан азаматтар «Единая Россия», орныңды біл!», «Елге сайлауды қайтарамыз!» деген ұрандар мен транспаранттар ұстаған. Шеруді полиция бақылап тұр.
Сайлау нәтижелерінің бұрмаланғанына қарсы наразылық шаралары Ресейдің он шақты қаласында өтіп жатыр. «Белсенділердің ұсталғандары да бар» деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі.