Accessibility links

Панаманың бұрынғы диктаторы еліне қайтарылды


Мануэл Норьеганың түрлі жылдардағы суреттері.
Мануэл Норьеганың түрлі жылдардағы суреттері.
Француз сотының экстрадициялау шешіміне сай Мануэл Норьега бүгін Парижден Мадридке ұшып шықты, одан әрі экс-диктатор Панамаға аттандырылады. Еліне жетісімен оны түрмеге отырғызады.

Мануэл Норьега Панамада 1983-89-шы жылдары билік құрды. Кейіннен бұрынғы басшы бірқатар қылмыстарға қатысы бар деп айыпталды. Оның ішінде саяси оппоненттерін өлтірді деген айыппен экс-диктаторды өз елінің соты сырттай үкім шығарып, 20 жылға абақты жазасын кескен болатын.

Соңғы 20 жыл бойына Панаманың бұрынғы диктаторы есірткі саудасы мен қаржылық құйтырқылық айыптары бойынша АҚШ пен Францияның түрмелерінде жазасын өтеген-ді.
XS
SM
MD
LG