Accessibility links

Шерулер Ресей билігіне қоғамның наразы келбетін көрсетті


Болотная алаңындағы митингіге қатысушылар. Мәскеу, 10 желтоқсан, 2011 жыл.
Болотная алаңындағы митингіге қатысушылар. Мәскеу, 10 желтоқсан, 2011 жыл.
Ресейдің көптеген қалалары мен аймақтарында ондаған мың адамды көшеге шығарған сенбі күнгі наразылық акцияларынан кейін билік халықтың парламент сайлауының нәтижелеріне наразы көңіл-күйін аңғарды.

Премьер-министр Владимир Путиннің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Ресей азаматтарының өз көзқарастары мен пікірлерін «заң аясында және бейбіт мәнерде» білдіруге құқтары бар деп атап көрсетті.

Мәлімдеме Путиннің «Единая Россия» партиясы парламент сайлауында дауыстарды бұрмалаушылықтар есебінен жеңіске жетті деп, сенбі күні кең көлемде етек алған наразылық шерулерінен кейін жасалды.
XS
SM
MD
LG