Accessibility links

Приднестровьеде аймақ президентінің сайлауы өтіп жатыр


Трансднестр жетекшісі Игоь Смирнов
Трансднестр жетекшісі Игоь Смирнов
Аймақты Молдовадан өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған 1990 жылдан бері билеп келе жатқан Игорь Смирнов президенттік мерзімге бесінші рет қайта сайланарына сенімді екенін айтады. Президент сайлауына барлығы алты кандидат түсіп жатыр.

70 жастағы Игорь Смирнов дауыс беру бюллетенін жәшікке салып тұрып, "бұл сайлау Приднестровье республикасының нығаюына ықпал етеді және бұдан былай Ресеймен тығыз байланыс орнатылады" деді.

Приднестровье - 1990 жылғы кішігірім қарулы қақтығыстан соң Молдовадан бөлініп шыққан аймақ. Бірақ оның тәуелсіздігін Ресей де, басқа елдер де мойындаған емес.
XS
SM
MD
LG