Accessibility links

Мәскеуде ұлтшылдардың шеруі өтті


Бүгін «Орыстар» қозғалысы Болотный алаңындағы билікпен келісілген митингіге бірнеше жүздеген ұлтшылдарды жинады.

Митинг 2010 жылы 11 желтоқсанда Манежный алаңында футбол жанкүйері Егор Свиридовтың өлімінен басталған жаппай тәртіпсіздік оқиғасының бір жылдығына орайластырылған.

Осы күні Мәскеудің орталығында да ұлтшылдар пикет өткізіп, «Орыс халқының құқы туралы» деп аталатын заң жобасын Мемлекеттік думаға өткізу үшін қол жинаған.
XS
SM
MD
LG