Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер өзін жерлеу рәсімін қалай өткізу шарттары жазылған жоспарды бекітті деп жазады бүгін «Санди таймс» апталығы.
Газеттің деректеріне қарағанда, «құрыш ханым» атанған 86 жасар Тэтчер өзін жерлеу сәтінде жасалуы тиіс мемлекеттік құрметтердің бірқатарынан бас тартқан. Атап айтқанда, әдеттегі әскери ұшақтарды ұшыру, көпшіліктің қатысуымен өткізілетін азаматтық қоштасу сияқты шаралар болмай-ақ қойсын депті.
Апталық басылымның жазуынша, соңғы кездері Тэтчердің денсаулығының нашарлағаны байқалмаған. Тек бірер жыл бұрын Маргарет Тэтчер қатарынан бірнеше микроинсульт алған соң дәрігерлердің кеңесімен түрлі қоғамдық шараларға қатысуды, саяси қайраткерлікті де тоқтатқан еді.
Баронесса парламент депутаттары мен арнайы шақырылған меймандардың салтанатты қоштасуы үшін өз мәйіті салынған табытты Вестминстер Холдың үлкен залына қоюды өсиет етіпті. Қоштасу рәсімінде ағылшын композиторы Эдвард Элгардың музыкасы оркестрдің орындауында естіліп тұруы тиіс.
Тэтчердің қалауы бойынша мәйіті Челсидегі патшалық аурухананың бейітіне, 2003 жылы өмірден өткен күйеуі Дэнистің жанына қойылады.
Британдық қана емес, әлемдік саясаттың аңызына айналған Маргарет Тэтчерді қалай жерлеу рәсімін жоспарлау тәрізді нәзік мәселе елде 2007 жылдан бері қарастырылып келеді.
«Санди таймс» апталығы баронессамен қоштасу жоспарының барлық егжей-тегжейі алдағы аптада министрлер кабинеті өкілінің төрағалығымен талқыланатынын жазады.