"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева Қазақстандағы сөз бостандығы соңғы жылдары сол күйі жақсармағанын айтты деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
Астанада өтіп жатқан "Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылындағы адам құқықтарының дамуы мен деңгейі" атты конференцияда сөйлеген Тамара Қалеева ағымдағы жылы бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге қарсы 25 қылмыстық іс қозғалғанын келтірді. Мұның сыртында оларға 3 миллиард 355.7 миллион теңге өндіріп алуды көздеген 86 арыз-шағым түскен.
Тамара Қалееваның айтуынша, Қазақстанда сөз бостандығы тәуелсіздіктің алғашқы бес жылында болған. Одан кейінгі жылдары ол нашарлай берген.
Құқық қорғаушының мәліметінше, Қазақстан 2014 жылға дейін ғайбаттау мен тіл тигізу айыбын қылмыстық кодекстен алып тастауға міндеттенген. Бірақ қылмыстық кодектің жаңа нұсқасында оны алып тастауға әлі ерте екені айтылады. "Телерадио хабарларын тарату" туралы заң жобасы да отандық телерадиокомпаниялардың санын шектейді деп алаңдайды Тамара Қалеева.