Accessibility links

Иран BBC-ге қатысы бар режиссерді босатты


Лондонда орналасқан BBC телеарнасының ғимараты. Лондон, 6 қазан 2011 жыл.
Лондонда орналасқан BBC телеарнасының ғимараты. Лондон, 6 қазан 2011 жыл.
Тегеран BBC телеарнасының парсы қызметімен байланысы бар деп ұстаған режиссерді босатты. Оппозициялық веб-сайттардың жазуынша, режиссер Моджтаба Миртахмасеб Тегеранның солтүстігіндегі әйгілі Эвин түрмесінен босатылған. ISNA ақпарат агенттігі де мұны растап отыр.

Режиссер қыркүйекте Иран билігіне қатысты деректі фильмді BBC телеарнасына жібергені үшін тұтқындалған. Иран үкіметі BBC телеарнасының парсы тіліндегі қызметіне "елде ислам революциясына наразы көңіл-күй туғызады" деп, қызмет етуге тыйым салған. Бірақ ирандықтар оны спутниктік байланыс арқылы көре алады.
XS
SM
MD
LG