Беларусьтің қуғындағы саясаткері және президенттікке үміткер болған Алесь Михалевич Варшава әуежайында Интерполдың ордері бойынша аз уақыт ұсталғаннан кейін босатылды.
Польша сыртқы істер министрлігі Михалевичтің тұтқындалуы "тұтқындау туралы ордерге сеніп қалған прокуратураның қателігі" деп, оған тағылған айыпты "ақылға сыймайды" деп бағалады.
Алесь Михалевич 2010 жылы Беларусь президенті сайлауына түсіп, кейін шерулер ұйымдастырды деген айыппен тұтқындалған болатын. Босаған соң ол саяси баспана берген Чехияға ұшып кетті.
Беларусь прокуратурасы оны халықаралық іздеудегі адамдардың тізіміне қосып қойған болатын.