Accessibility links

Қырғызстанда парламент спикері қызметінен кетті


Қырғызстан парламентінің спикері Акматбек Келдібеков.
Қырғызстан парламентінің спикері Акматбек Келдібеков.
Қырғызстан парламентінің спикері Акматбек Келдібеков өзіне "қылмыстық топтармен байланысы бар" деген айып тағылған соң қызметінен кетуге шешім қабылдады деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Келдібеков өзіне тағылған айыптардың барлығы негізсіз екенін айтып, "парламенттің жұмысы тұрақты болуы үшін" қызметтен кететінін мәлімдеді. Келдібеков бұл шешімін жексенбі мен дүйсенбі күндері мыңға тарта жақтасы өзіне тағылған айыптарға наразылық танытқаннан кейін қабылдады.

Акматбек Келдібековтің ісін тексерген парламенттік комиссияның төрағасы Қаныбек Иманалиев кеше Келдібеков тағайындаған кеңесшілер мен көмекшілердің Қырғызстанның қылмыстық топтарымен байланысы бар екендігі дәлелденгенін хабарлады.

Комиссия төрағасы Акматбек Келдібековтің биыл Дубай, Стамбул және Астраханьға жасаған жеке сапарында қырғызстандық қылмыстық топтың танымал басшысы Қамчы Көлбаевпен кездескені де дәлелденді деді.

Қырғызстан парламентінің депутаттары Акматбек Келдібеков қызметтен кететінін мәлімдеген соң оған тағылған айыптарды алып тастады.
XS
SM
MD
LG