Accessibility links

Тәжікстан танымал мешіттің қызметін шектеді


Душанбенің орталық мешіті. Тәжікстан, Душанбе, 27 ақпан, 2008 жыл.
Душанбенің орталық мешіті. Тәжікстан, Душанбе, 27 ақпан, 2008 жыл.
Тәжікстан үкіметі көрнекті ислам саясаткері Ходжи Акбар Тураджонзоданың отбасы басқаратын танымал мешітке санкция енгізді деп хабарлайды Азаттық радиосының Тәжік қызметі.

Дін істері жөніндегі мемлекеттік комитет Душанбеге жақын Вахдат ауданында орналасқан «Мұхаммадия» мешітінің бес уақыт намаз өткізетін бас мешіт ретіндегі қызметі шектейтін, тек басқа имамға ғана өткізуге рұқсат етілетін қаулы шығарды. Мешіттің одан кейінгі мәртебесі белгісіз.

Діни комитеттің шешімі Тураджонзоданың отбасы мен Тәжік діни қайраткерлер кеңесінің арасындағы 6 желтоқсанда аталған мешітте шииттердің ашура мерекесін атап өтуге қатысты туындаған даудан соң шықты.

Діни қайраткерлер кеңесі өткен аптада мешітті сүнниттер басым тұратын елде шииттердің Ашура мерекесін атап өтті деп айыптаған болатын.

Тураджонзода діни комитеттің шешімінің саяси астары бар деп санайды. Тураджонзода әулетінің мүшелері Тәжікстанның дін туралы заңына сәйкес, діни комитет мешіт қызметін тек діни жетекшілер мешітке екі рет ресми ескерту жасаса және оған мешіт құлақ аспаса ғана шектей алатынын айтады. Ал мұндай ескерту тек бір-ақ рет жасалған. Оның айтуынша, мешіт ашура мерекесін 10 жылдан бері жай ғана атап өтіп келеді.

Ходжи Акбар Тураджонзода Тәжікстанның танымал қоғам қайраткері. Тәжікстан мұсылман қауымдастығының бұрынғы басшысы және премьер-министрдің орынбасары болған.
XS
SM
MD
LG