Қазақстан жоғарғы кеңесінің төрағасы болған Серікболсын Әбділдин бүгін "Қазақ елінің ең биік күні" және "Особый день в истории Казахстана" деп аталатын қазақ және орыс тілдеріндегі екі кітабын таныстырды.
Серікболсын Әбділдин кітапта Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заң, алғашқы конституция мен мемлекеттік рәміздердің қалай қабылданғандығы және жоғарғы кеңестің қалай таратылғаны туралы стенограммалар бар екенін айтты. Ол: «Кітап ең алдымен жас ұрпаққа арналды» дейді.
Кітапта Қазақстанның СССР кезіндегі (1970-1990 жылдар) және тәуелсіздік алғаннан соңғы(1990-2010 жылдар) мәдени-экономикалық деңгейі зерттелген.