Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) «Руханият» және Коммунистік халықтық партияларын тіркеуден бас тартты деді комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Оның айтуынша, мәселе - үміткерлердің азаматтығына байланысты. «Партиялық тізім бойынша ұсынылған кейбір үміткерлер - оралмандар. Тізім мен оны тіркеу ертеңге дейін анықталуы керек» дейді комиссия төрағасы.
«Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбетәлиннің сөзіне қарағанда, ол партияның тізімінде екі оралман ғана бар. Мәмбетәлин енді партияны тіркеуге қатысты қандай да бір проблема туындайтын болса, ЕҚЫҰ комиссиясына шағымданатындарын айтты.