Accessibility links

БҰҰ: Тәжікстан азық-түлік тапшылығын көрмек


Астана қаласындағы теміржол станциясында тұрған жүк вагондары. Астана, 16 қазан 2011 жыл.
Астана қаласындағы теміржол станциясында тұрған жүк вагондары. Астана, 16 қазан 2011 жыл.
Өзбекстанның Тәжікстанмен арадағы теміржол тасымалын тоқтату туралы шешімі Тәжікстанда азық-түлік тапшылығына әкеп соғады деп мәлімдеді БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының осы елдегі директоры Алзира Феррейра.

Оның айтуынша, тіпті Тәжікстанға келетін гуманитарлық көмектің өзі Өзбекстанның осы елмен теміржол байланысын тоқтатуы себепті жеткізілмей қалуы мүмкін.

Алзира Феррейра қазір БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы шеңберінде Тәжікстанға жөнелтілетін 23 вагон азық-түліктің Өзбекстандада тұрғанын айтады. БҰҰ азық-түлік бағдарламасы Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлон облысының 500 мың халқы мен екі 2 мың мектепке гуманитарлық көмек береді. Қазір азық-түліктің жетіспеушілігінен тұрғындар күнделікті қажетті тұтыну заттарын ала алмай отыр.

Өзбекстан қараша айында Тәжікстанның теміржолында болған жарылыстан соң бүлінген рельстердің әлі жөнделмей отырғанын айтады. Тәжікстанның теміржол саласының өкілі Усмон Каландаровтың сөзіне қарағанда, Өзбекстанның теміржолдағы жөндеу жұмыстарын қашан аяқтайтыны белгісіз.
XS
SM
MD
LG