Accessibility links

Ақтөбеде "лаңкестік топқа" сот үкімі шықты


Бүгін мамыр айының 17-сінде Ақтөбе облыстық ҰҚК ғимаратында өзін-өзі жарған Рақымжан Махатовтың 12 серігіне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында істі қараған судья Дәмеш Әбдәлі 12 адамды 17 жылдан 1 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Айыпталушы Есет Мақуов – 17 жылға, Алмас Жолбаев пен Асхат Бегаманов – 10 жылға, Абзал Сүйінтаев – 8 жылға, Игілік Сағынаев пен Марат Палтоев – 5 жылға, Жанболат Сәрсенбаев, Нұрлыбек Мусин, Ғани Еңсепов, Біржан Алдамжаров, Хабидолда Жаңбыршин, Әлібек Бердібаев – 3 жылға сотталды.
Оларға қылмыстық кодекстің "лаңкестікті насихаттау", "лаңкестік топ құру", «заңсыз қару сақтау» және тағы бірнеше баптары бойынша айыптар тағалған. Сот жабық түрде өтті.

17 жылға сотталған 1969 жылы туылған Ақтөбе қаласы тұрғыны Есет Мақуовтың қорғаушысы Жұмабай Арыстанов үкіммен келіспей, сотқа шағым беретінін жеткізді.

17 мамырда Ақтөбеде облыстық ҰҚК департаменті ғимаратында 25 жастағы Рахымжан Махатов өзін-өзі жарып жіберген еді. Жарылыстан оның өзі қаза болып, үш адам жараланған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде 12 адам қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG