Accessibility links

Приднестровьеде сайлаудың алғашқы нәтижесі шықты


Приднестровьедегі президент Игорь Смирновты жарнамалап тұрған бильборд. Көрнекі сурет.
Приднестровьедегі президент Игорь Смирновты жарнамалап тұрған бильборд. Көрнекі сурет.
Приднестровье республикасындағы президент сайлауының алғашқы нәтижелеріне қарағанда, қазіргі президент Игорь Смирнов сайлаудың келесі кезеңіне қажетті дауыс жинай алмады.

Республиканың «Ольвия» ресми ақпарат құралы оппозициядан үміткер Евгений Шевчуктің 38.53 пайыз, парламент спикері Анатолий Каминскийдің 23.48 пайыз , ал қазіргі президент Игорь Смирновтың 25 пайыз дауыс жинағанын хабарлады.

Анатолий Каминскийді қолдайтын Ресей бұған дейін Смирновты халықтың көпшілігі қолдай қоймайтынын ескерткен болатын. Бірақ оппозициядан үміткер Шевчуктың бірінші орынға шығуы таң қаларлық жайт болып тұр дейді агенттік.

Осымен алтыншы мерзімге сайланатын Смирнов сайлау қорытындыларын мойындаған жоқ. Агенттік орталық сайлау комиссиясы осы апта соңына қарай заң бұзушылықтар турасында арыз-шағымдар көп түсіп жатқандықтан сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануы мүмкін екенін де айтады.
XS
SM
MD
LG