Accessibility links

Үндістанда ішімдіктен 102 адам қаза тапты


Үндістан билігі елдің шығысындағы Бенгаль штатында қолдан жасалған улы спиртті ішімдіктен 102 адамның қаза болғанын хабарлады. Уланып ауруханаға түскендерді қоса есептегенде құрбан болғандардың саны бұдан да артуы мүмкін.

Полиция олардың ішімдікті екі күн бұрын пайдаланғанын, кешеден бастап уланып қайтыс бола бастағанын айтады. Қаза тапқандардың көпшілігі -кедейлер.

2009 жылы Гуджарат штатында 122 адам улы ішімдікті қолданған соң қаза тапқан еді. Үндістанда арзан спиртті ішімдіктен улану жиі болып тұрады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG