Accessibility links

Жаңаөзенде телефон байланысы үзіліп қалды


Қаланың орталық алаңы. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Қаланың орталық алаңы. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Желтоқсанның 16-сы күнгі қақтығыстан кем дегенде 10 адам қайтыс болған Жаңаөзенде қалалық және ұялы телефон байланысы үзіліп қалды.

Азаттық тілшісі ереуілшілерге, олардың туыстарына хабарласқан еді, ешбірімен сөйлесе алмады.

Жаңаөзенде телефон байланысы әлі істемей тұрғанын Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Жанна Ойшыбаева да растады.

Осы облыстағы ереуіл өтіп жатқан тағы бір қала - Ақтаудағы мұнайшылар Жаңаөзен ереуілшілеріне қолдау көрсетіп, қаланың орталық алаңына жиналған. Ақтаудағы мұнайшылар белсендісі Нұрияш Әбдірайымованың айтуынша, ереуілшілерді полиция ұстап әкеткен.
XS
SM
MD
LG