Accessibility links

"ҚазМұнайГаз": Мұнайшылардың кейбірі жұмысқа шықпай қалды


"Жаңаөзендегі мұнайшылардың кейбірі бүгін жұмысқа шықпай қалды" деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" барлау-өндіру" компаниясы желтоқсанның 17-сі күні.

"Демалыс және мереке күндері кеніште жұмыс жасайтындар саны жұмыс күндергі мөлшермен салыстырғанда айтарлықтай азайғанын" айтқан компания ауысым кезінде "жұмысшыларды жұмысқа әкелуде қауіпсіздікке байланысты қиындықтар болып жатқанын" хабарлады.

Компанияның мәліметіне қарағанда, "қолға алынған шаралар өндірістің қалыпты жұмыс істеуіне қолдауды қамтамасыз етеді". Бірақ мұның қандай шаралар екендігі айтылмады.

Бұған дейін "Өзенмұнайгаздың" өндірістік нысандарына қарулы күзет қойылғаны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG