Accessibility links

Журналистер Шетпеден Жаңаөзенге шықты, бірақ олармен байланыс жоқ


«Республика» оппозициялық басылымы Шетпеге барған қазақстандық және батыстық журналистер тобын биліктің өзі Жаңаөзенге алып бара жатыр деп хабарлады.

«Республика» басылымының сайты "полиция және жергілікті билік өкілдерімен бірге журналистерді, «Қазақстанның халық майданы» ұйымының белсенділерін жеке-жеке автобустарда әкетіп барады" деген «Алға партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сөздерін келтіреді.

Олардың арасында Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев бар, бірақ онымен хабарласу мүмкін болмай тұр, тілшіміздің мобилді телефоны байланыс аясынын тыс жерде деп жауап береді. Жаңаөзеннің өзінде қалалық және мобилді телефон байланыстары үзілген.

Ресми деректер бойынша, 16 желтоқсандағы Жаңаөзендегі қақтығыстарда 13 адам опат болып, 86 адам жарақат алған. Шетпе станциясындағы қақтығыста 1 адам өліп, 11 кісі жараланды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG