Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде 14 адам қаза болған


Бас прокуратура Жаңаөзендегі қақтығыста қаза тапқандардың тізімін жариялап, марқұмдардың саны 14-ке жеткенін хабарлады.

Қаза тапқандардың тізімі желтоқсанның 18-і күні бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды. "Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде қаза болған адамдардың тізімінде" 11 азаматтың аты аталған.

Олар - Байбек Құбайдұллаев (1989 жылы туған), Шадияр Аязов (1978 жылы туған), Серік Оңғаров (1959 жылы туған), Радик Юсупов (1987 жылы туған), Аманбек Тұрғанбаев (1984 жылы туған), Жаңаберген Көшеров (1979 жылы туған), Атаберген Дүйсекенов (1987 жылы туған), Жанар Әбдікәрімова (1974 жылы туған), Рахат Көшеров (1995 жылы туған), Нұрлан Мұнаубаев (1982 жылы туған), Атабай Құлхаиров (1967 жылы туған).

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, "қаза болған тағы үш ер адамның жеке бастары анықталып жатыр".

Бұдан бұрын "Жаңаөзенде 13 қаза тапты" деп хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG