Accessibility links

"Халық майданы" белсендісі 15 тәулікке қамалды


"Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалиев. Алматы. 28 ақпан 2011жыл.
"Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалиев. Алматы. 28 ақпан 2011жыл.
Бүгін Алматы қалалық әкімшілік соты "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалиевтің үстінен іс қарап, оны 15 тәулікке түрмеге қамау жөнінде үкім шығарды. Сот оны "рұқсат етілмеген жиын өткізді" деп айыптады.

Бір топ белсенді желтоқсанның 17-сінде Алматыдағы Республика алаңына келіп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен биылғы 16 желтоқсан күнгі Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, одан кейін президенттік "Нұр Отан" партиясын алдына биліктің Жаңаөзендегі әрекетіне наразылық пикетін өткізбек болғанда ұсталған.

Полиция оларды екі сағаттан кейін босатқан еді.
XS
SM
MD
LG