Accessibility links

АҚШ сенаты: Орталық Азияға жаңа саясат керек


АҚШ сенаты "Вашингтон өзінің Орталық Азияда қысқа мерзімдік соғыс жүргізуге бағытталған мүддесі мен ұзақ мерзімдік, тұрақтылық пен демократия орнату мақсатының аражігін ашып алу керек" деп санайды.

Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті дайындаған баяндамада Вашингтон Орталық Азия мемлекеттерін "АҚШ әскері 2014 жылы Ауғанстаннан кетсе де, Орталық Азиядан кетпейді" деп сендіре бермеу керек деген ұсыныс айтады. Қазан айында аймаққа сапарлап қайтқан комитет өкілдері Орталық Азия жетекшілерінің АҚШ Ауғанстанды тастап шықса, аймақта есірткі саудасы күшейіп, экстремистік топтар қауіпсіздікке қатер төндіреді деп қауіптенетінін айтты.
XS
SM
MD
LG