Бас прокуратура Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе ауылындағы, жалпы аймақтағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында деп хабарлады бүгін.
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
"Өткен тәулікте Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында ешқандай қылмыстық әрекет болған жоқ. Желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Жаңаөзен қаласында коменданттық сағат тәртібін бұзған 3 адам ұсталып, ескерту шараларынан кейін үйлеріне қайтарылды" деп жазады бас прокуратураның ресми сайты.
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.