Бүгін Жаңаөзен қаласында телефон байланысы қайта іске қосылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божкоға сілтеген ҚазТАГ агенттігі.
Маңғыстау облыстық әкімдігінде Жаңаөзен оқиғасы бойынша үкіметтік комиссияның жиынында министр қазір телефон байланысын қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қаланы қалпына келтіруге қосымша арнайы техникалар әкелінгенін жеткізді.
Владимир Божко қала инфрақұрылымын қалпына келтіруге 1 миллиард теңге бөлінгенін де келтірді.
Алайда, Азаттық тілшісі Жаңаөзендік мұнайшыларға хабарласқанымен, олардың барлық телефондары жұмыс істемей тұрды.
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Оқиға кезінде сондай-ақ 40-тан астам түрлі нысан бүлінген. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.