Бас прокуратура бүгін Жаңаөзен мен Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында деп хабарлады.
Прокуратураның хабарлауынша, өткен түнде Жаңаөзен қаласында «коменданттық тәртіп ережесін бұзғаны үшін» 9 адам ұсталып, түсіндіру жұмыстарынан кейін үйлеріне қайтарылған.
«21 желтоқсанда «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компанияларының жұмысшылары толықтай (100 пайызға) жұмысқа шықты. Барлық мемлекеттік органдар мен әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр» делінген прокуратураның хабарламасында.
Бас прокуратура "жедел тергеу-іздестіру тобының тәртіпсіздіктер мен тонау әрекеттерін ұйымдастырушылар мен оған белсене қатысқандарды анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатқанын да" айтты.
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.