"Қазақстан билігі Жаңаөзен қоиғасы бойынша ұсталғандарды азаптап, қинау әрекеттерін дереу тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартсын" деп мәлімдеді бүгін Human Rights Watch (HRW) ұйымы. Билік сондай-ақ тұтқындарға отбасыларымен кездесулеріне, қорғаушыны жалдауына және медициналық көмек алуына мүмкіндік жасауы керек деп талап етеді.
«Жаңаөзендегі тұтқындарды азаптау әрекеттері қатты алаңдатады және Қазақстан үкіметі дереу шынайы тексеру жүргізу керек. Тұтқындарды азаптауды қандай жағдайда да ақтап алуға болмайды» дейді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Дэнбер.
HRW ұйымы өздеріне хабарласқан Жаңаөзенге барған журналистер полиция ұсталған тұтқындарды ұрып-соққандығын хабарлады дейді. Көптеген жаңаөзендік тұрғындар журналистерге өздерінің туған-туыстарын таба алмай жүргендерін де айтқан.
Ұйымның айтуынша, абақтыларда тұтқындарды азаптау БҰҰ мен Amnesty International ұйымы дайындаған баяндамадағы азаптап, қинау түрлеріне сай келеді.
«Билік ақпарат алу, таратуға шектеу қойғандықтан Жаңаөзендегі азаптау әрекеттері жайындағы хабарларды анықтау қиын. Ақпарат еркіндігіне шектеу қою азаптау оқиғаларын тек жиілете береді. Сондықтан журналистер мен құқық қорғаушылар Жаңаөзенге ешқандай кедергісіз және біреудің бақылауынсыз кіргізілу керек. Сонда ғана құқық бұзушылықтар анықталып, азаптауға жол берілмейтін болады»,- дейді Рэйчел Денбер.
Бас прокуратураның бүгінгі хабарламасы бойынша, желтоқсанның 16-сында Жаңаөзен мен Шетпе кентінде болған оқиғаларда 16 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған.