Accessibility links

Алматыда полиция Азаттық тілшісін ұстады


"Байқоңыр" кинотеатр алдындағы алаңға келген студент жастарды полицияның тоқтатып, құжаттарын тексерген сәті. Алматы, 25 желтоқсан 2011 ж.
"Байқоңыр" кинотеатр алдындағы алаңға келген студент жастарды полицияның тоқтатып, құжаттарын тексерген сәті. Алматы, 25 желтоқсан 2011 ж.
Жексенбі, желтоқсанның 25-і күні түскі сағат 12 кезінде Алматыда "Байқоңыр" кинотеатр алдындағы алаңға келген үш студент жасты полицияның тоқтатып, құжаттарын тексерген сәтін видеокамераға түсіріп алған Азаттық радиосының тілшісі Мәди Бекмағамбетовты құқық қызметкерлері ұстады.

Азаттық тілшісінің бейнекамерасын тартып алған полицияның екі қызметкері журналисті сол маңда тұрған полицияның қызмет көлігіне мәжбүрлеп отырғызды. Олар тілшіден видеокамераға жазылғандарды өшіріп тастауді талап етті. Журналист өзінің кәсіби жұмысын заң шеңберінде атқарып жүргенін айтып, олардың талабын орындаудан бас тартты. "Онда мен біздің баспасөз қызметіне хабарласамын" деп кеткен полицейлердің бірі шамамен жиырма минуттан соң қайта келіп, журналисті босатып, камерасын қайтарды.

Бұған дейін интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы Алматыда "Байқоңыр" кинотеатры алдында желтоқсанның 25-күні жиналып, Жаңаөзенде құрбан болғандарды еске алу шарасын өткізу туралы ақпарат тараған болатын.

Ресми орындар Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиға салдарынан 15 кісі қаза болғаны туралы мәлімдесе, бейресми мәліметтер жеткізушілер құрбандар саны бұдан көп дейді.

Сонымен бірге Жаңаөзендегі жағдайға қатысты желтоқсанның 17-і наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланғаны хабарланған еді.

Азаттық тілшісін полицияның ұстағаны туралы видео:

Азаттық тілшісіне кедергі жасалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00
XS
SM
MD
LG