Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі бас прокурормен Жаңаөзен жайын талқылады


ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы кеңсесі. Алматы, 13 қаңтар 2011 жыл.
ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы кеңсесі. Алматы, 13 қаңтар 2011 жыл.
Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюросының (ДИАҚБ) сайлауға бақылау миссиясының басшысы Миклош Харастис Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаевпен кездесті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Дауылбаев кездесуде Харастистің Жаңаөзендегі жағдайға қатысты қойған сұрақтарына жауап берді. Қаланы қалпына келтіру мен аймақта тұрақтылықты орнатуда атқарылып жатқан шаралар жайында да айтқан.

Кездесу барысында бас прокурор сондай-ақ ЕҚЫҰ өкілін сайлау барысы туралы да хабардар етіп, Қазақстан прокуратурасының қызметі жайында баяндады.
XS
SM
MD
LG