Иранның оппозициялық саясаткері, 80 жастағы Эбрахим Язди сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Эбрахим Язди 1979 жылғы ислам революциясынан соң біраз уақыт Иранның сыртқы істер министрі болған.
Тыйым салынған "Еркіндік қозғалысын" басқарған Яздиге Иран соты "мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы әрекет етті, жалған ақпарат таратты" деп айыптады. Мұндай айыптаулар Иранда саяси белсенділерге жиі тағылады.
Ақпарат құралдары Эбрахим Яздидің өзін қорғаудан бас тартқанын, себебі ол Иран революциялық сотының оның ісін қарауға біліктілігі жетпейді деп санайтынын хабарлады.