Accessibility links

Жаңаөзенде жаңа жыл тойланбайды


Жаңаөзен қаласының кіреберісіне қойылған нұсқаулық белгі. Маңғыстау, Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының кіреберісіне қойылған нұсқаулық белгі. Маңғыстау, Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзенде жаңа жыл мерекесін көпшілік болып тойлауға тыйым салынды деп хабарлайды Азаттық тілшісіне Маңғыстау облыстық әкімшілігінің өкілі, Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған үкіметтік комиссияның мүшесі Нұрбол Төлегенов.

Оның айтуына қарағанда, алдағы жаңа жылда Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сында болған оқиғаларға байланысты шеру, концерттер мен көпшілікке арналған мерекелік іс-шараларды атап өтуге рұқсат етілмейді.

Ресми орындар Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 16 адамның қаза болғанын растады. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG