Accessibility links

Әзірбайжан оппозиция белсендісін босатпады


Әзірбайжан белсендісі Бахтияр Гаджиев.
Әзірбайжан белсендісі Бахтияр Гаджиев.
Әзірбайжан соты сотталған бұрынғы парламент сайлауына үміткер және белсенді 29 жастағы Бахтияр Гаджиевтің жазасын мерзімінен бұрын аяқтап шығу туралы шағымын кері қайтарды.

Гаджиевтің қорғаушысы соттың Бахтияр Гаджиевтің шағымын жабық есік жағдайында қарағанын айтады. Сот оны түрмеде тәртіп сақтамағанын алға тартып, мерзімінен бұрын босатылмайтынын жеткізді.

2010 жылы қарашада парламент депутаттығына үміткер болған Гарвард университетінің түлегі Гаджиев наурыздың 4-інде өзі әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырған үкіметке қарсы шерудің қарсаңында ұсталған болатын. Ал мамырда "әскер қатарында қызмет етуден тартынды" деген айыппен екі жылға сотталған болатын. Жаза мерзімінің үштен бірін өтегендіктен, оның мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға мүмкіндігі бар болатын.

Гаджиев егер Әзірбайжан соты оны мерзімінен бұрын босатпайтын болса, Страсбургтегі Еуропаның адам құқықтары сотына шағымданатынын айтады.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Әзірбайжан билігін Бахтияр Гаджиевті және түрмеде отырған басқа оппозиция белсенділерін босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG