Accessibility links

Азапталған ауған қызы Үндістанда емделеді


Ауғандық 15 жасар қалыңдық Сахар Гүл Кабул ауруханасында ем қабылдап жатыр. 31 желтоқсан. 2011
Ауғандық 15 жасар қалыңдық Сахар Гүл Кабул ауруханасында ем қабылдап жатыр. 31 желтоқсан. 2011
Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 15 жастағы Сахар Гүл бірнеше ай бойы күйеуі мен оның туыстарының азаптауынан кейін, медициналық ем қабылдау үшін Үндістанға барады.

Ауған президенті Хамид Карзай Сахар Гүлді азаптаған және 6 ай бойы жертөледе заңсыз ұстаған отбасы мүшелерін полиция қамауға алады деген.

Бағлан провинциясындағы полицияның айтуынша, Сахар Гүл ұзақ уақыт жертөледе қамалғанда, оның шашы жұлынып, саусақтары сындырылған.
XS
SM
MD
LG