Accessibility links

Венгриялықтар жаңа конституцияға қарсылық танытты


Венгрияның ұлттық опера театры алдына шыққан жұрт премьер-министр Виктор Орбанды "диктатор" деп атады. 2 қаңтар. 2012
Венгрияның ұлттық опера театры алдына шыққан жұрт премьер-министр Виктор Орбанды "диктатор" деп атады. 2 қаңтар. 2012
Будапеште онмыңдаған венгриялық елдің демократиясын шайқалтпақшы деген айыппен билік партиясына қарсы наразылық акциясын өткізді. Оған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның «Фидес» партиясы даулы конституцияның қабылданғанын мемлекеттік опера театрында тойлауы түрткі болды.

Наразылық шарасына шыққандар үкімет басшысын билікті басып қалуда деп айыптап, Виктор Орбанды еуропалық елді диктаторлыққа бастаған «Виктатор» деп атады.

Бақылаушылар жаңа жылдан бастап күшіне енген жаңа конституция - Венгрияның демократиялық жүйесіне нұқсан келтіріп, орталық банк, діни ұйымдар мен ақпарат құралдарын және сот жүйесіне саяси бақылауды күшейтеді деп отыр.

Үкіметті жақтаушылар жаңа конституция елдің даму процесінде венгриялық және еуропалық құндылықтарды заңды бір жолға салады дейді.
XS
SM
MD
LG