Accessibility links

Ауған талибандары Қатарда саяси кеңсесін ашпақшы


Ауған талибандары үкіметтік күштерге қосылды. Балх провинциясы. 30 қараша. 2011
Ауған талибандары үкіметтік күштерге қосылды. Балх провинциясы. 30 қараша. 2011
Ауған талибандары Қатарда саяси кеңсе ашу жөніндегі алғашқы келісімдерге қол жетті деп мәлімдеді.

Талибан өкілі Забибулла Муджахидтің айтуынша, Ауғанстаннан тыс жерде халықаралық қауымдастықпен келіссөздер өткізуді мақсат тұтқан кеңсе ашатын кез келді. Оның сөзіне қарағанда, шығанақ елдерінің бірі - Қатарда талибандар кеңсесін ашу жөнінде алғашқы келісім сәтті өткен.

Батыс елдері мен Ауған билігінің ойынша, талибан кеңсесін ашу Ауғанстандағы соғысты тоқтату жолындағы іс-әрекеттердің негізгі бөлігі болып отыр.
XS
SM
MD
LG