Accessibility links

Египет прокуроры: Мүбәрәк тиран билеуші болды


Каирдегі сот отырысына зембілмен әкелінген бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк. 2 қаңтар. 2012 жыл.
Каирдегі сот отырысына зембілмен әкелінген бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк. 2 қаңтар. 2012 жыл.
Египеттің бас прокуроры биліктен қуылған президент Хосни Мүбәрәкті 30 жыл бойы билікте тирандық режим орнатты деп айыптады. Мустафа Сүлейменнің бұл сөзі Мүбәрәктің бүгінгі сот отырысында айыптаушы тарап дәлел-айғақтар ұсынып жатқан тұста айтылды.

Мүбәрәк пен оның екі баласы, бұрынғы ішкі істер министрі және тағы алты адам ақпан айындағы билікке қарсы халық толқуы кезінде шерушілерге оқ атып, 800 адамның өмірін қиған деген айыппен сотқа тартылған. Және оларға қарсы тағы сыбайлас жемқорлық жасады деген айып бойынша іс қозғалып, сот жүріп жатыр.

Бүгінгі сот бас прокурордың сөзінен кейін тыңдауларды сәрсенбіге қалдырды. Жүрегі нашарлап ауруханада жатқан 83 жастағы Хосни Мүбәрәк сот отырысына зембілмен жеткізіліп жүр.
XS
SM
MD
LG