Accessibility links

АҚШ Беларуське қатысты санкцияны күшейтпек


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама Беларусьтің 2010 жылғы даулы президент сайлауынан кейін болған наразылық танытушыларды әлі де қудалап келе жатқанына қарсы салынған санкцияларды күшейтетін заң қабылдады.

Обама қол қойған Беларусьтегі 2011 жылғы демократия және адам құқықтары актісі президент сайлауынан кейінгі наразылық танытушыларды қудалауға қатысқан Беларусьтік бірнеше шенеуніктің АҚШ-қа виза алуына және қаржылық операциялар жасауына тыйым салды.

Акті сондай-ақ АҚШ мемлекеттік департаментін конгресске Беларусьтің қару-жарақ саудасы, интернетті шектеулері жайында хабардар етіп тұруға міндеттеп, Халықаралық шайбалы хоккей федерациясын 2014 жылы Минскіде хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартуға шақырады.

Заңда АҚШ-тың "еркін және әділ өткен президенттік және парламенттік сайлауларды қолдайтын саясат ұстанатыны" туралы айтылады.
XS
SM
MD
LG