Accessibility links

АҚШ Ауғанстанның Талибанмен келісімін қолдайды


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.
АҚШ Ауғанстанның Талибанмен бейбіт келісім жасасуын және Талибанның Катар мемлекетінде өзінің саяси кеңсесін ашу қадамын құптайтынын жеткізді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд егер Ауғанстанның Талибанмен келіссөздері ауған соғысының аяқталуына оң әсер етер болса, онда Вашингтонның оған септесетінін айтты.

Нуланд бұл мәлімдемесін Талибанның Катарда саяси кеңсесін ашуға қол жеткізгенін хабарлап, АҚШ-тан Гуантанамо түрмесінде отырған әскери тұтқындарды босатуды сұрағаннан соң жасады.

Батыс елдері мен Ауғанстан билігінің ойынша, Талибан кеңсесін ашу Ауғанстандағы соғысты тоқтату жолындағы іс-әрекеттердің негізгі бөлігі болып отыр.
XS
SM
MD
LG