Accessibility links

Беларусь интернетке шектеу қоймақ


Могилев қаласындағы интернетті пайдалануға еркіндік беруді талап еткен акция. Беларусь, Могилев, 24 шілде 2010 жыл.
Могилев қаласындағы интернетті пайдалануға еркіндік беруді талап еткен акция. Беларусь, Могилев, 24 шілде 2010 жыл.
Беларусь осы аптада интернетті пайдалануға жаңадан қатаң шектеулер қоймақ деп хабарлайды елдегі ақпарат құралдары.

Елдің ресми "Белта" агенттігінің хабарына қарағанда, президент Александр Лукашенконың жаңа жарлығына сай енді интернет пайдаланушылардың "тыйым салынған" веб-сайттарға кіруіне мүмкіндік бергені үшін интернет провайдерлеріне айыппұл салынады. Мұндай "тыйым салынған сайттарға" диссиденттік ақпарат көздері мен порнографиялық сайттар кіруі мүмкін.

Сондай-ақ интернет кафелер мен компьютерлік клубтарға, "Беларусьтен тыс жерлердегі" интернет ресурстары мен желілері арқылы қызмет көрсететін, я өнім саудалайтын шағын фирмалар мен бизнес түрлеріне де айыппұл салынбақ.

Ел аумағында еркін ашылу үшін Google сияқты шетелдік интернет ресурстары да Беларусьте тіркелден өтуі тиіс. Заң бұзғаны үшін салынатын айыппұл 100 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Интернетке салынған шектеу ертеңнен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG