Accessibility links

Тимошенконың жақтастары наразылық танытты


Юлия Тимошенконың жақтастары ол жазасын өтеп жатқан Харьковтағы әйелдер колониясында наразылық акциясын өткізді. Украина, Харьков, 5 қаңтар 2012 жыл.
Юлия Тимошенконың жақтастары ол жазасын өтеп жатқан Харьковтағы әйелдер колониясында наразылық акциясын өткізді. Украина, Харьков, 5 қаңтар 2012 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенконың жақтастары биліктен оны босатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Тимошенконың жақтастары ол жазасын өтеп жатқан түрменің алдына жиналды.

Юлия Тимошенко Харьков қаласындағы түрмеге өткен желтоқсанның 30-ы күні мүгедектер арбасымен әкетілген болатын. Билік Тимошенконың жағдайы жақсы дегенімен, қорғаушысы оның денсаулығы нашарлап кеткенін айтады. Жақтастары "билік Тимощенконы адам төзгісіз жағдайда ұстап отыр" деп дейді.

Тимошенкоға Ресеймен 2009 жылы жасалған газ келісімінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып, 2011 жылы жеті жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG