Accessibility links

Жапония 40 жылдық ескі реакторларын жабады


Жапонияның "Фукусима-Дайичи" станциясының алыстан түсірілген көрінісі. 1 сәуір, 2011 жыл
Жапонияның "Фукусима-Дайичи" станциясының алыстан түсірілген көрінісі. 1 сәуір, 2011 жыл
Жапония үкіметі 40 жыл қолданыста болған ядролық реакторларды жабуға мүмкіндік беретін заңның қабылдануына күш салуда.

Жұма күні таратылған ресми мәлімдемеде үкіметтің осындай жоспары турасында айтылған. Бұндай шара Атом электр станциясындағы қауіпсіздікті нығайтып, жақсартуға, өткен жылғы наурыз айындағы зілзала мен цунамиден кейін "Фукусима-Дайичи" станциясындағыдай дағдарысты қайталамауға бағытталған.
Фукусиманың Атом электр станциясындағы зардап шеккен үш энергоблоктың құрылысы 1967 жылы басталған.

Сондай-ақ басқа да аймақтарда пайдаланылып келе жатқанына 40 жылдан асқан ескі бірнеше қондырғы бар.

Жапонияның барлық 54 ядролық қондырғысының кейбіреуіне жақын жылдарда 40 жыл толады.
XS
SM
MD
LG