Иранда уран байытатын жерасты зауыты жуық арада жұмысын бастауы мүмкін.
Бұл жөнінде атом энергиясы жөніндегі ұйымның басшысы Ферейдун Аббас Даваниге сілтеме жасап, «Кайхан» басылымы ақпарат таратқан.
Даванидің сөзіне қарағанда, Кум қаласына жақын жердегі кәсіпорында уранды 20 пайызға дейін байыту мүмкіндігі бар.
Зауыт шабуыл бола қалған жағдайда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалың тау қатпарында орналастырылған.
Батыс елдері ядролық қару жасауы мүмкін деген қауіппен біраз уақыттан бері Тегеранға уран байытуды тоқтату талабын қойып келеді.