Accessibility links

Мыс тиын 1,38 миллион долларға сатылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
АҚШ-ғы аукционда құны бір цент болатын мыс тиын бір миллион 380 мың долларға сатылды деп хабарлайды бүгін БиБиСи.

Бір центтік мыс тиын АҚШ өз ақшасын шығара бастаған 1793 жылы соғылған екен.
Аукционерлердің ресми өкілінің сөзіне қарағанда, «бұрын-соңды аукцион тарихында ең қымбат саудаланған АҚШ-тың мыс тиынын» өз есімін жария қылғысы келмеген коллекционер сатып алыпты.

Ең алғаш соғылған бір центтік мыс тиын қазір өте сирек ұшырасады. Барлығы 38 мың данасы ғана шығарылған мыс тиынның көркемделуі сәтсіз деп табылған еді. Ең бастысы тиынның екінші бетіндегі 15 сақинадан тұратын солтүстік америкалық колонияны бейнелейтін шынжыр сынға ұшыраған болатын. Сыншылардың пікірінше, шынжыр құлдықтың символы.

Бұдан кейін сол 1793 жылы әлгі шынжырдың орнына венок салынған 63 мың жаңа тиындар шығарылған.
XS
SM
MD
LG