Accessibility links

Араб лигасы бақылаушыларын бағалайды


Араб лигасы елдерінің бақылаушылары Сирияның Хомс қаласында, 27 желтоқсан, 2011 жыл.
Араб лигасы елдерінің бақылаушылары Сирияның Хомс қаласында, 27 желтоқсан, 2011 жыл.
Бүгін Каирде Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері осы елдердің Сириядағы бақылаушыларының жұмысын талқылап - бағалау үшін бас қосады. Өткен жылдың желтоқсан айында Сирияға барған бақылаушылар қызметінің мақсаты - азаптау мен қудалау әрекеттерін тоқтату турасында жасалған келісім талаптарын Сирия билігінің орындауын қадағалау болған.

Алайда Сирия оппозициясы бақылаушылар жүктелген міндетті орындай алмады, өйткені елде режим қарсыластарын қудалау, репрессия жалғасып жатыр деп есептейді. Десе де Араб лигасы бақылаушыларын қайта шақырып алу мәселесін күн тәртібіне шығарып отырған жоқ.

Адам құқын қорғаушылардың мәліметінше, кеше Сириядағы қақтығыстарда кемінде 27 кісі қаза болған. Осы сенбі күні жұмадағы жанкешітілік жарылыстарда құрбан болған 26 адамның жерлеу рәсімі өтті.

Сирияда президент Башар әл-Ассадтың отставкаға кетуін талап еткен жаппай шерулер өткен жылдың наурыз айында басталған. Содан бері БҰҰ-ның дерегіне қарағанда 5 мыңдай адам опат болған.
XS
SM
MD
LG