Ирак полициясы Саддам Хусейн ел басқарған тұста жасаған әрекеттері үшін халықтан кешірім сұрады.
Ішкі істер министрлігі кеше жасаған мәлімдемесінде Саддам Хусейннің тұсында "полиция өздерінің міндетіне жатпайтын әрекеттер жасауға мәжбүр болғанын" айтты. Министрлік бұл мәлімдемені Ирак полициясының құрылғанына 90 жыл толғанын тойлау қарсаңында жасады.
Бірақ өткен істерге кешірім сұрағанына қарамастан, адам құқықтарын қорғау ұйымдары "Ирактың қауіпсіздік күштері - полиция мен армия әлі де адамдарды себепсіз тұтқындап, заң бұзып отыр" деп айыптайды.