Accessibility links

ОСК: Партиялардың дебаты 12 қаңтарда өтеді


Қазақстандағы президент сайлауы. Петропавл, 3 сәуір 2011 жыл.
Қазақстандағы президент сайлауы. Петропавл, 3 сәуір 2011 жыл.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қаңтардың 12-сінде парламент сайлауына қатысатын саяси партиялардың теледебатын өткізуге қаулы қабылдады деп хабарлайды комиссия мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеген ҚазТАГ агенттігі.

Тәртіп бойынша, сайлауға түсетін саяси партиялардың сайлау қарсаңындағы бағдарламалары бойынша өтетін саяси теледебаттар партиялардың өздерінің келісімі бойынша өткізілмек.
Теледебат экономика және Қазақстандағы адам капиталының дамуы тақырыптарында өтеді және оған әр партиядан бір-бір өкілден қатыспақ.

ОСК-ың хабарлауынша, теледебатта мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге шақыратын, әлеуметтік, таптық, ұлттық, діни және басқа да алауыздық тудыратын үгіт-насихат жасауға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ партиялардың бір-бірінің беделіне және олардың өкілдерінің ар-намысына тиюге рұқсат жоқ. Теледебат мемлекеттік "Хабар" телеарнасында өткізіледі.

15 қаңтарға белгіленген парламент мәжілісінің сайлауына түсуге "Нұр Отан", "Ақ жол", "Азат", "Ауыл", "Әділет", "Руханият" партиялары мен "Патриоттар партиясы" және "Қазақстан халықтық коммунистік партиясы" тіркелген болатын. Кейін "Руханият" партиясы басшыларының арасында дау шығып, ОСК партияны сайлауға қатысу құқынан айырды.
XS
SM
MD
LG