Accessibility links

Солтүстік Корея рақымшылық жарияламақ


Пхеньянда қайтыс болған президент Ким Чен Ирді аза тұтуға жиналған адамдар. Солтүстік Корея, 29 желтоқсан 2011 жыл.
Пхеньянда қайтыс болған президент Ким Чен Ирді аза тұтуға жиналған адамдар. Солтүстік Корея, 29 желтоқсан 2011 жыл.
Коммунистік режимдегі Солтүстік Корея үкіметі қайтыс болған ел басшыларының туған күндеріне орай сотталғандарға рақымшылық жасайтын болды.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралдары парламенттің 1 ақпаннан бастап сотталғандарға рақымшылық жасау туралы жарлық шығарғанын хабарлады. Бірақ рақымшылықтың кімдерге және қанша адамға жасалатыны айтылмады. Мемлекеттік ақпарат агенттіктері рақымшылықты бұған дейінгі президенттер Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирдің "қайырымды, игі, көреген саясатынан қалған" деп атады.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Солтүстік Кореяда мыңдаған адамның саяси қуғын-сүргін себебінен түрмеде отырғанын айтады.

Ким Чен Ирдің туғанына 16 ақпанда 70 жыл, ал оның әкесі және Солтүстік Корея мемлекетінің негізін қалаған Ким Ир Сеннің туғанына 15 сәуірде 100 жыл толады.

Желтоқсан айында қайтыс болған Ким Чен Ир билікті ұлы Ким Чен Унға беріп кетті.
XS
SM
MD
LG