Accessibility links

Шүкеев: Үкіметтік комиссия міндетін аяқтады


Жаңаөзен оқиғасын тексеруге құрылған үкіметтік комиссия төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
Жаңаөзен оқиғасын тексеруге құрылған үкіметтік комиссия төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
Үкіметтік комиссия Жаңаөзендегі міндетін аяқтады деп хабарлады бүгін үкіметтік комиссияның төрағасы Өмірзақ Шүкеев.

"Меніңше, үкіметтік комиссияның қызметі аяқталды. Барлық жұмысты өз уақытында және тиімді атқардық. Енді жаңа қаулы арқылы орта мерзімдік жұмыстарға көшуді ұсынамын. Бұл міндеттер енді комиссия құрамына кірген мемлекеттік органдарға тапсырылатыны туралы қаулы қабылданды» деді Шүкеев үкіметтің селекторлық отырысында.

Ол сондай-ақ Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру жұмыстарына мемлекет қорынан 3 миллиард теңгеге жуық қаржы (2 миллиард 849 миллион 204 мың) бөлінетінін жеткізді.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сында болған оқиғалардан соң ертесіне сол кездегі бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылған болатын.

Ресми орындар Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғадан және оның салдарынан 16 адамның қаза болғанын растады. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG