Accessibility links

Назарбаев: Жастар "араб көктемімен" желікпегені жөн


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан жастарын "араб көктемі" идеяларына сыни көзқараста болуға шақырды.

Алматыда мәдениет пен өнер саласындағы президенттік және мемлекеттік стипендиялардың лауреаттарымен кездесуінде Назарбаев: "Жастардың бір бөлігі Африка және Еуропа елдерінде болып жатқан үлкен өзгерістерге желігіп жүр. Не айтылса соны дұрыс қабылдайтын жас ұрпаққа бізге қызғанышпен қарайтындардың бар екенін және олардың бізде бәрі жақсы болғанын қаламайтынын түсіндіру керек" деді.

Назарбаев сондай-ақ "төңкерістер жасаған мемлекеттердің экономикасы 10-15 жылға кері кетті" деген.

Бұдан бір жыл бұрын бірқатар араб мемлекеттерінде билікке қарсы халықтық наразылықтар басталған болатын. Жаппай толқулардың нәтижесінде Тунис, Египет, Ливия елдерінің басшылары биліктен кетірілді.
XS
SM
MD
LG